«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін;». көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Мыналарды: 1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын; 2) Қазақстан Республикасы жер қойнауы учаскесін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген негіздермен, талаптармен және шекте пайдалануға беретіндігін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|