ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығына 7-қосымша
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|