|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
02.08.2022 Установлены новые дифференцированные ставки платы за цифровой майнинг
Начиная с 1 января 2023 года в Казахстане будет применяться прогрессивная шкала ставки платы за цифровой майнинг. Градация ставки будет зависеть от стоимости потребляемой электроэнергии. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. 11 июля 2022 года были подписаны поправки в Налоговый кодекс Республики Казахстан, предусматривающие повышение ставки платы за цифровой майнинг (ЗРК № 135-VII). В соответствии с новой редакцией статьи 606-3 Налогового кодекса размер ставки платы за цифровой майнинг будет зависеть от стоимости 1-го киловатт-часа электроэнергии. При использовании дешевой электроэнергии будет применяться высокая ставка платы, верхняя шкала которой достигает 25 тенге. В случае использования дорогой электроэнергии, стоимостью за 1 киловатт-час от 24 тенге и выше, будет применяться минимальная ставка платы в размере 1 тенге. Кроме того, при использовании возобновляемых источников электрической энергии, произведенной на собственных электростанциях, ставка платы составляет 1 тенге за 1 киловатт-час потребленной электрической энергии. При использовании собственной электрической энергии плата исчисляется по ставке 10 тенге за 1 киловатт-час. При отсутствии контрольных приборов учета объема потребления электрической энергии или нахождении их в неисправном состоянии плата исчисляется по ставке 25 тенге за 1 киловатт-час. В данном случае объем потребленной электрической энергии рассчитывается из расчета круглосуточного потребления максимальной мощности электрической энергии. Необходимо учесть, что при одновременном наличии нескольких оснований применения различных ставок платы применяется наиболее высокая ставка платы.
Цифрлық майнинг үшін төлемақының жаңа сараланған ставкалары белгіленді
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының прогрессивті шкаласы қолданылатын болады. Ставканың өзгеруі тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылды (№ 135-VII ҚРЗ). Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының ставкасы жоғары, яғни 25 теңге болады. Егер, керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, яғни 1 тенге көлемінде. Одан бөлек, өзінің меншігіндегі электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге ставкасы бойынша есептеледі. Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге ставкасы бойынша есептеледі. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған немесе олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге ставкасымен есептеледі. Бұл жағдайда электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі. Төлемақының әр түрлі ставкаларын қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде туындаса, төлемақының ең жоғары ставкасы қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |