«Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды – бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінің әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|