Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрыққа 18-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Клиникалық фармакология»
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: Кәсіптік стандарт Денсаулық сақтау кадрларын бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілігін растау, даярлау және мамандандыру үшін негіз ретінде қолданылады және пайдаланушылардың кең ауқымы: 1) қызметкерлер - саладағы мамандыққа қойылатын талаптарды түсіну, өз біліктілігін арттыруды жоспарлау және мансаптық ілгерілету үшін пайдалануға арналған; 2) жұмыс берушілер - қызметкерлерге қойылатын пайдаланылатын талаптарды, нұсқаулықтарды, міндеттерді әзірлеу, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемшарттарды қалыптастыру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, ілгерілету және ротациялау бағдарламаларын жасау үшін; 3) сертификаттау және біліктілік беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (органдар) - персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеу үшін және сәйкестік деңгейі бойынша қызметкерлердің біліктілік критерийлерін әзірлеу; 4) мемлекеттік органдар - еңбек нарығын мониторингілеу және болжау үшін өлшемшарттар ретінде кәсіби стандартты пайдалану үшін. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) Бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері; 2) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) Клиникалық хаттама - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|