«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;»; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) жетекшілік ететін салада (аяда) немесе өңірде іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сараптама кеңесінің құрамы ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесінің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|