Осы редакция 2017 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 4-қосымша
«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру»
1) «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3) Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 1) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: рұқсат беру - 2 (екі) айдан аспайды; рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде; кешенді экологиялық рұқсат беру - 3 (үш) ай ішінде; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша береді. 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|