Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган; 2) биологиялық әртүрлiлiктi және тектік қорды сақтау мақсатында өсiмдiктер дүниесі объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсiрудi, сондай-ақ табиғатты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|