Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.20.02. № 30-НҚ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы (2020.20.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 40-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат; 2) сәйкестік туралы декларация ‒ дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат; 3) сәйкестікті растау ‒ нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім; 4) сәйкестікті растау саласындағы құжат ‒ сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|