ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді; 2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|