«Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде: мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын: «32-1. Жалға беруші қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартуға құқылы.»; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын объектілердің тізбесі мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.»; 34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) нотариалды расталған құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Жалға беруші тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.»; 57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|