Қазақстан Республикасы Президентінің (2012.16.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-1, 22, 23 және 24-баптарына сәйкес және әкімшілік реформаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында орталық атқарушы органның аппаратын басқаратын жауапты хатшы лауазымы енгізілсін. ҚР Президентінің 2012.16.11. № 435 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жауапты хатшы: 1) Республика Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Республика Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, ерекше мәртебеге ие мемлекеттік қызметші болып табылады; 2) лауазымы бойынша: Республика Президентіне, Республика Премьер-Министріне және тиісті орталық атқарушы органның басшысына есеп беретін; оның қызметіне бақылауды Республика Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Республика Президентінің Әкімшілігі, Республика Премьер-Министрі, сондай-ақ тиісті орталық атқарушы органның басшысы өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын тұлға болып табылады; 3) Республика Президенті Әкімшілігінің алдында өз қызметінің қорытындылары туралы, соның ішінде «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындылары бойынша жылына екі рет есеп береді»; 4) Үкімет, орталық атқарушы органның басшысы орнынан түскен жағдайда өзінің өкілеттіліктерін тоқтатпайды деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|