|
Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ШАРТ
ҚР 2023 жылғы 7 қарашадағы № 36-VIII Заңымен ратификацияланды
2023 жылғы 27 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі «Уағдаласушы мемлекеттер» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы қылмыскерлікке қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды қалай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Шарттың ережелеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер көмекке жүгінген кезде жазасы Сұрау салушы мемлекеттің юрисдикциясына кіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істер бойынша бір-біріне барынша кең құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді. a) құжаттарды, шақыру қағаздарын және нәрселерді беруді және табыс етуді; b) адамның жеке басын анықтауды, оның және нәрселердің тұрған жерін айқындауды; c) бейнеконференцбайланыс бойынша айғақтарды қоса алғанда, айғақтар мен арыздар алуды; d) тінтуді жүзеге асыруды, дәлелдемелер алуды және тәркілеуді; e) құжаттарға немесе нәрселерге сараптама жүргізуді; f) ақпарат және дәлелдемелер алмасуды; g) Сұрау салынатын Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген кез келген басқа да көмек нысандарын қамтиды. 3. Осы Шарт адамдарды қамаққа алуға, адамдарды ұстап беруге, сотталған адамдарды беруге, үкімдерді орындауға қатысты қолданылмайды.
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Уағдаласушы мемлекеттер айқындаған орталық органдар тікелей өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы үшін: Жоғарғы Сот - сот ісін жүргізу кезіндегі құқықтық көмек туралы сұрау салулар үшін; Бас прокуратура - құқықтық көмек туралы барлық басқа да сұрау салулар бойынша; Кипр Республикасы үшін - Әділет және қоғамдық тәртіп министрлігі Орталық органдар болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|