Осы редакция 2019 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.05.05. № 31/06 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қарағанды облысы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.04.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) жүзеге асырады. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017.04.12. № 78/04 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/ қағаз түрінде. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.25.11. № 85/01 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияда - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткізгіште беру; порталда: қайталама куәлік алған кезде - электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап; электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|