Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, 111-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4305-нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 480 745 542 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 31 680 202 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 3 770 219 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 000 мың теңге; трансферттер түсiмi - 445 287 121 мың теңге; 2) шығындар - 478 777 704 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 20 203 063 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 23 610 004 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 406 941 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2 600 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 2 600 000 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 20 835 225 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 20 835 225 мың теңге.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|