Осы редакция 2015 жылғы 9 желтоқсанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 3-қосымша
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 6. Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) қоса алғанда жылға дейін - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|