«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында: 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді, пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады: 1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері; 2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер; 3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері; 4) пошталық ақша аударымдары; 5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер; 6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер; 7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер; 8) Заңның 9-1-бабына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері; 9) ұсынылуы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланысты көрсетілетін қызметтер: курьерді үйге шақыру; мекенжайды толтыру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|