«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен күші жойылды
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10970 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, ұйымдарының, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылардың өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) орындаушы - санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|