Осы редакция 2023 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.25.07. № 619 бұйрығымен 5-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 5-1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті туралы ЕРЕЖЕ (2022.25.07. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
1. Абай облысының Полиция департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17-үй. 9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|