ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2016.29.02. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2019.16.04. № 26 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Құжаттарды қабылдау: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі: 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және порталға өткізген сәттен бастап -10 (он) күнтізбелік күн; 2) құжаттар топтамасын өткізу үшін барынша рұқсат етілетін күту мерзімі - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|