|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 10-қосымша
«Сот баллистикалық сараптамасы» кәсіптік стандарты
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот-баллистикалық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол сот-баллистикалық сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот сараптама қызметі саласында қолданылады. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін; 2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті; 3) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат; 4) сот баллистикалық сараптамасының мәні - атыс қаруы мен оқ-дәрілердің конструкциясында көрініс тапқан заңдылықтарды зерделеу негізінде айқындалатын нақты деректерді анықтау, олардың ату кезіндегі өзара іс-қимылы, атудың ішкі және сыртқы баллистикасының құбылыстары, олардың кедергідегі көрінісі; 5) сот баллистикалық сараптамасының объектісі - қару мен оқ-дәрілер, қару мен оқ-дәрілердің тікелей немесе жанама әсерінің нәтижесінде өзгеріске ұшыраған заттар, тергеу мен сотта дәлелдеу процесінде алынған ақпаратты қамтыған құжаттық процестік дерек көздері. 3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; БА - Біліктілік анықтамалығы; СБШ - Салалық біліктілік шеңбері; ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2 тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|