ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2018.27.12. № 537 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 6-қосымша
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері порталға жүгінген кезден бастап: ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде; ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде; рұқсатты қайта ресімдеу - 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушының өтінімін тіркеген кезден бастап ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін ұсынылған құжаттардың толық болуын 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|