ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ (2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: ҚР Президентінің 2008.16.10. № 680 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 366 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы: 1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін; 2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін; 3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 184-құжат; № 48, 591-құжат; 2005 ж., № 6, 49-құжат; № 20, 239-құжат; 2006 ж., № 4, 23-құжат; №15, 140-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|