|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
31.07.2023 Об ограничениях на мобильные переводы в виде оплаты за товар
Сейчас некоторые предприниматели получают оплату за проданный товар, услуги посредством мобильных переводов ЧЕРЕЗ ЛИЧНЫЕ СЧЕТА, ОТКРЫТЫЕ В БАНКАХ. Однако, данные переводы производятся без применения ККМ и POS-терминалов, а соответственно без выдачи чеков. Это является нарушением, за которое предусмотрена административная ответственность в виде предупреждения, при повторном нарушении штраф составляет от 15 до 50 МРП в зависимости от субъектности налогоплательщика. Напоминаем, что уплата налогов в соответствии с Конституцией Республики Казахстан является обязанностью каждого. Налоговые органы проводят соответствующий контроль в целях вывода из тени незаконной предпринимательской деятельности. Банковские организации за период с 2024 года будут передавать данные по мобильным переводам индивидуальных предпринимателей. Под контроль подпадут граждане, получавшие мобильные переводы от 100 разных лиц, ежемесячно, в течении трех последовательных календарных месяцев. Для упрощения применения ККМ с 2022 года ведется пилотный проект по объединению функций ККМ с POS-терминалами банков второго уровня. Это позволяет выдавать один чек ККМ и POS-терминала. В пилотном проекте уже участвуют АО «Каспий банк», АО «Халык банк» и АО «Банкцентркредит». Вместе с тем, проводится акция «Гражданский контроль – требуй чек» по выявлению фактов невыдачи чеков ККМ. О выявленных нарушениях можно сообщить посредством бесплатного мобильного приложения «Wipon cashback». КГД МФ РК обращает внимание, что вышеуказанные изменения не затрагивают добросовестных налогоплательщиков и нацелены только на вывод из тени незаконной предпринимательской деятельности. То есть, физические лица, как и прежде, могут совершать и принимать мобильные переводы в своих личных целях - переводы родственникам, друзьям, помощь родителям и детям, и по другим жизненным ситуациям. Таким образом, налоговыми органами созданы все удобные условия для законного ведения бизнеса, предусмотрены режимы с низкими налоговыми ставками.
Мобильді аударымдардың шектеулеріне қатысты
Қазір кейбір кәсіпкерлер БАНКТЕРДЕ АШЫЛҒАН ЖЕКЕ ШОТТАРЫНА сатылған тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес салық төлеу әркімнің міндеті болып табылатынын еске саламыз. Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ қатысуда. Сонымен қатар, БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы өткізілуде. Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады. Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады. Негізінен, салық органдары бизнесті заңды жүргізу үшін барлық қолайлы жағдайларды жасады, салық мөлшерлемелері төмен режимдерді қарастырды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |