|
|
|
28.12.2023 Жемқорлықты алдын-алу мақсатындағы мәселелер
Сыбайлас жемқорлық жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсы әрекетті және үнемі жіті зерттеуді талап ететін қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады.Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық дамуды, нарықтық экономиканы құруды, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына келеңсіз әсер етеді, мемлекеттің болашақта дамуына үлкен қауіп төндіреді. Осы себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, уәкілетті орган құрылды. Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде және одан әрі жоғарылату кезінде білімі, еңбек өтілі, сондай-ақ қызметшілердің атқаратынь лауазымында лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы үшін қажетті құзыреттіліктердің болуы басты назарға алынады. Мемлекет басшысының меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің қабылдануы ерекше орын алады. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральды-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың мінез-құлқының базалық стандарттары айқындалды. Мемлекет басшысының осы Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді, оның құзыреттерінің бірі ретінде қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзушылығының алдыналу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау айқындалды 2015 жылы құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтау мәселелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті. Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айыптағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.
Қарағанды облысының МАЭС сот приставы А.Қ. Балпықов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |