Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 1) Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалында (бұдан әрі - ХҚҚО); 2) денсаулық сақтау ұйымдарында. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚКО - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру; денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру. Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес анықтаманы берген психиатр-дәрігер мен медицина тіркеушісінің (бұдан әрі - тіркеуші) қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметін ұсынуды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркелген анықтама (бұдан әрі - анықтама) беру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|