Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетінқызметтер регламенттерін бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері: 1) «Дәрігерді үйге шақыру» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес; 2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес; 4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес; 5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес; 6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес; 7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес; 8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес; 9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес; 10) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес; 11) «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру» осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|