Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1/5 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 3/353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1239 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;