Осы редакция 2019 жылғы 4 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 2-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (2018.14.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.14.06. № 242 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыр жұмыстар - жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері; 2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|