Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген): көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Сапа бақылауын: 1) аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде - сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше; 2) аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелері, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше; 3) аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде - сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Сапа бақылауын, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшенің) жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|