|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «Патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогендігі І-ІV топтардың микроорганизмдерімен және гельменттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) зертхана - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулерді, физикалық факторларды дозиметриялық өлшеулерді орындайтын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі; 2) микроорганизмдер - бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануда адам денсаулығына әсер етуі мүмкін бактериялар, вирустар, микоплазмалар, риккетсиялар, хламидиоздар және саңырауқұлақтардың белоктық сипаттағы күрделі қосылыстар; 3) эксперименттік зерттеулер - шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері; 4) диагностикалық зерттеулер - қоздырғышты, оның антигенін немесе оған антиденелерді анықтау және сәйкестендіру мақсатында жүргізілетін шығу тегі биотикалық және абиотикалық объектілерді зерттеу.
2-тарау. Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |