«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында: 9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кәсіби дипломының көшірмесі;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: кәсіби дипломды беру - күнтізбелік 30 (отыз) күн; кәсіби дипломның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|