«Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында: «1. Кіріспе» деген бөлімде: төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2015 жылы Адами дамудың индексі рейтингінде (188 ел мен аумақтан) Қазақстан адами даму деңгейі жоғары елдер тобына сәйкес келетін 56-орынға ие болды.»; Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамыту пайымында: он жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жұмыс беруші - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты табысынан айырылудың әлеуметтік қаупі орын алған кезде, жүктілікке және бала тууға, бала күтімі бойынша демалыстарға байланысты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударылатын әлеуметтік аударымдар.»; жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|