|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
20.07.2023 Как платить налоги с доходов физических лиц-нерезидентов?
Порядок налогообложения у источника выплаты Статьей 644 Налогового кодекса определен перечень доходов нерезидента из источников в Республике Казахстан. Доходы физического лица-нерезидента из источников в Республике Казахстан облагаются индивидуальным подоходным налогом у источника выплаты по ставкам от 5 до 20 процентов в зависимости от вида дохода, без осуществления налоговых вычетов, если иное не установлено Налоговым кодексом. При этом по следующим видам доходов индивидуальный подоходный налог исчисляется по ставке 10 процентов: - от деятельности в Республике Казахстан по трудовому договору (соглашению, контракту), заключенному с резидентом или нерезидентом, являющимися работодателями; - от деятельности в Республике Казахстан в виде материальной выгоды, полученной от работодателя; - гонорары руководителя и (или) иные выплаты членам органа управления (совета директоров или иного органа), получаемые указанными лицами в связи с выполнением возложенных на них управленческих обязанностей в отношении резидента, независимо от места фактического выполнения таких обязанностей; - надбавки, выплачиваемые ему в связи с проживанием в Республике Казахстан резидентом или нерезидентом, являющимися работодателями; - страховые выплаты физическим лицам-нерезидентам, осуществляемые по договору пенсионного аннуитета; - пенсионные выплаты, осуществляемые накопительным пенсионным фондом-резидентом. Обязанность и ответственность по исчислению, удержанию и перечислению индивидуального подоходного налога у источника выплаты в бюджет возлагаются на лица, выплачивающие доход нерезиденту и признанные налоговыми агентами (ИП, филиал и представительство юридического лица-нерезидента, постоянное учреждение нерезидента, юридическое лицо-резидент и др.). При этом декларация по индивидуальному подоходному налогу и социальному налогу (форма 200.00) представляется налоговым агентом в налоговый орган по месту уплаты налога ежеквартально, не позднее 15 числа второго месяца, следующего за кварталом, в который входят отчетные налоговые периоды.
Порядок налогообложения доходов, полученных от лица, не являющегося налоговым агентом Статьей 658 Налогового кодекса регламентирован порядок налогообложения доходов физического лица-нерезидента, полученных из источников в Республике Казахстан от лица, не являющегося налоговым агентом. Если иное не установлено Налоговым кодексом, исчисление индивидуального подоходного налога с доходов физического лица-нерезидента от лица, не являющегося налоговым агентом, производится путем применения ставки 20 процентов к начисленной сумме дохода без осуществления налоговых вычетов. При этом трудовыми иммигрантами-нерезидентами исчисление суммы индивидуального подоходного налога производится по ставке 10 процентов. Если иное не установлено Налоговым кодексом, уплата индивидуального подоходного налога производится физическим лицом-нерезидентом самостоятельно не позднее десяти календарных дней после срока, установленного для сдачи декларации по индивидуальному подоходному налогу за налоговый период. Декларация по индивидуальному подоходному налогу (форма 240.00) представляется в налоговый орган по месту пребывания (жительства) налогоплательщика не позднее 31 марта года, следующего за отчетным налоговым периодом, по доходам, подлежащим налогообложению физическим лицом самостоятельно. В случае выезда за пределы Республики Казахстан в течение текущего налогового периода без последующего въезда на территорию Республики Казахстан до 31 марта года, следующего за текущим налоговым периодом, физическое лицо-нерезидент вправе представить декларацию по индивидуальному подоходному налогу и уплатить индивидуальный подоходный налог в течение текущего налогового периода. При этом декларация по индивидуальному подоходному налогу представляется за период с начала текущего налогового периода до даты выезда такого лица за пределы Республики Казахстан. Трудовыми иммигрантами-нерезидентами декларация по индивидуальному подоходному налогу (форма 240.00) представляется в случае превышения суммы индивидуального подоходного налога, исчисленной за отчетный налоговый период, над суммой предварительных платежей по индивидуальному подоходному налогу в налоговый орган по месту пребывания не позднее 31 марта года, следующего за отчетным налоговым периодом. При этом в случае выезда за пределы Республики Казахстан трудового иммигранта-нерезидента декларация по индивидуальному подоходному налогу представляется до даты выезда такого лица за пределы Республики Казахстан.
Пресс-служба КГД МФ РК
Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен салық қалай төленеді?
Төлем көзінен салық салу тәртібі Салық кодексінің 644-бабымен бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерінің тізбесі айқындалған. Бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістерінің түрлеріне байланысты 5-20 пайыз ставкалары бойынша салықтық шегерiмдер жүргізбестен, төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады. Сонымен бірге келесі кірістер бойынша 10 пайыз ставкасын қолдану арқылы жеке табыс салығы есептеледі: жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындғы қызметтен түсетін кірістері; жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістері; басшының гонорарлары және (немесе) басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге де орган) мүшелерінің аталған адамдардың осындай міндеттерді іс жүзінде орындаған жеріне қарамастан, өздеріне жүктелген резидентке қатысты басқарушылық міндеттерін орындауымен байланысты алатын өзге де төлемдері; жұмыс беруші болып табылатын резиденттің немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған төленетін үстемақылары; бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері; резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кірісті төлейтін және салық агенті деп танылған тұлғаларға жүктеледі (дара кәсіпкерге, бейрезидент-заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, резидент-заңды тұлғаға және т.б.). Сонымен бірге жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00-нысаны) салық агенті тоқсан сайын, есепті салықтық кезеңдер кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей салық төлеу орны бойынша салық органына тапсырады.
Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған кірістерге салық салу тәртібі Салық кодексінің 658-бабымен бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістеріне салық салу тәртібі белгіленген. Егер Салық кодексімен өзгеше белгіленбесе, бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған кірістерінен, салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, жеке табыс салығы 20 пайыз ставкасымен есептеледі. Сонымен қатар бейрезидент-еңбек мигранттары кірістің салық салынатын сомасынан 10 пайыз ставкамен жеке табыс салығын есептейді. Егер Салық кодексімен өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент-жеке тұлға салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысаны) дербес салық салуға жататын кірістер бойынша бейрезидент-жеке тұлға тұрғылықты жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады. Ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге осындай тұлға кеткен күнге дейінгі кезең үшін тапсырылады. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысаны) есепті салықтық кезеңіне есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда бейрезидент-мигрант тұрғылықты жеріндегі салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. Бұл ретте салықтық кезең ішінде бейрезидент-еңбек мигранты Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын күніне дейін тапсырылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |