Осы редакция 2019 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № бұйрығына 5-қосымша
«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|