«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:». Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасында: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әрбір сотталғанға мекеме түрiнiң өзгеруі, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға (бұдан әрі - ШТМББ) өтініш беру не болмаса жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (бұдан әрі - НЖЖА), жазаны өтеудiң бiр жағдайынан басқасына ауыстыру тәртiбi түсіндіріледі.». 43 - тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажет «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32806 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 482 бұйрық) бекітілген нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жіберіледі.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|