«Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 58 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 197-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12120 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|