|
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы (2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру және тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы мәселелер бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері нормаларының дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру және жаза мерзімін қысқарту кешенді құқықтық институт болып табылады. Оларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 72, 73, 86 және 87-баптарымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 476, 477, 478 және 480-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі — ҚАК) 161, 162 және 169-баптарымен белгіленген тәртіппен шешіледі. ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.22.12. № 10 Нормативтік қаулысымен (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацы сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімінің заңмен көзделген бөлігін өтеген және оны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамға соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін бекітетініне соттардың назары аударылсын. ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданудың арнайы шарттарын көздейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|