Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда қылмыстық істер бойынша сот актілерінің және мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы (2016.01.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2016.01.02. № 23 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Бас Прокурорының 2016.01.02. № 23 бұйрығымен преамбула жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда прокурорлардың өкілеттіктерді тиісінше іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, қалалық және аудандық, әскери және өзге де мамандандырылған прокурорлар мемлекеттік айыптауды қылмысқа қарсы күрестің пәрменді құралдарының бірі ретінде қолдау жөніндегі жұмыстарды ұдайы жетілдірсін. ҚР Бас Прокурорының 2016.01.02. № 23 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Прокурорлардың көпшілік және жеке-көпшілік айыптаудағы барлық қылмыстық істердің сот талқылауына, сондай-ақ ҚПК-тің 32-бабының 4-бөлігіндегі тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған істерді қарауға қатысуы қамтамасыз етілсін. Қалалық, аудандық прокуратуралардың қызметкерлері, сондай-ақ процесс прокурорлары бірінші сатыдағы соттардың отырыстарына қатысады. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурорлар қолдауы мүмкін. Бас Прокурор және оның орынбасарлары бекіткен айыптау актісі бар қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушылар, процесс прокуроры тағайындалған істерді қоспағанда, Бас прокуратура басшылығының келісімі бойынша тағайындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|