Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Р-43 Рудный қаласының Батыс айналма жолы 6,9»; «Жиыны» деген жолдағы «23046» деген сандар «23052,9» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 12 «Көлiк және байланыс» деген функционалдық топта: 215 «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген әкiмшi бойынша: 002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» деген бағдарламада: 005 «Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру» деген кiшi бағдарламада: «Астана - Қостанай - Челябi - автожолын қайта жаңарту» деген жолдағы «6652045» деген сандар «6428660» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту 166000» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту 223385»; 3) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада: 6-тармақтың кестесiнде: реттік нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында: «360,34», «6554710» деген сандар тиiсiнше «367,24», «6331325» деген сандармен ауыстырылсын; «Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы 9,24 км 466000 мың теңге сомасына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi № 263-ПИР бұйрығы)»деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Рудный қаласының Батыс айналма жолы - 6,9 км 223 385 мың теңге сомасына»; 7-тармақта «360,34» деген сандар «367,24» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|