|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
19.12.2023 Единый совокупный платеж: что делать в 2024 году гражданам, ранее уплачивающим ЕСП?
Единый совокупный платеж (ЕСП) вводился для граждан: - доход которых за год не превышал 4,1 млн тенге (1 175 МРП); - которые оказывали услуги только физическим лицам. Отмечаем, что ЕСП вводился временно на 5 лет (с 2019 по 2023 годы) и период его применения завершается 31 декабря 2023 года. В связи с чем, гражданам, уплачивающим ЕСП, с 2024 года, необходимо стать индивидуальными предпринимателями и выбрать подходящий налоговый режим. Наиболее удобным режимом для таких граждан является специальный налоговый режим с использованием специального мобильного приложения «E-Salyq Business». Удобство данного режима заключается в том, что: - регистрация в качестве индивидуального предпринимателя производится через специальное мобильное приложение «E-Salyq Business», без посещения налоговых органов; - мобильное приложение позволяет автоматически вести учет полученных доходов; - через мобильное приложение выдается чек мобильного приложения, заменяющий чек контрольно-кассовой машины (ККМ), соответственно не нужно приобретать ККМ; - мобильное приложение исчисляет налог (1% от дохода) и социальные платежи, в соответствии с Социальным кодексом РК и Законом РК «Об обязательном социальном медицинском страховании» (на 2023 год пенсионные взносы - 7 000 тенге, социальные отчисления - 2 450 тенге, взносы на медицинское страхование - 4 900 тенге). - нет обязательств по предоставлению декларации. К сведению лиц, сдающих в аренду квартиры, и плативших ЕСП, сообщаем, что такие лица могут оплачивать налоги без регистрации в качестве индивидуального предпринимателя и представлять декларацию по индивидуальному подоходному налогу (форма 240.00) один раз в год, ставка налога составляет 10 % от дохода.
Пресс-служба КГД МФ РК
Бірыңғай жиынтық төлем: осыған дейін оны төлеген азаматтар 2024 жылы не істеуі керек?
Бір жыл ішінде кірісі 4,1 млн. теңгеден (1175 АЕК) аспаған, жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсеткен азаматтар үшін осыған дейін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілген болатын. БЖТ 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілгенін және оны қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын атап өтеміз. Осыған байланысты, БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет. Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим «E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып табылады. Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада: - дара кәсіпкер ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ «E-Salyq Business» арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жүргізіледі; - мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді; - мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ; - мобильдік қосымша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықты (табыстың 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді (2023 жылға зейнетақы жарналары - 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар - 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар - 4900 теңге). - декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ. Пәтерді жалға беретін және БЖТ төлеген тұлғалардың назарына мұндай тұлғалар салықтарды дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз төлей алатынын және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) жылына бір рет тапсыра алатынын хабарлаймыз, салық мөлшерінде табыстың 10% құрайды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |