Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілсін. 2. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып өзгертілсін. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мекемеге қатысты тиісті саланы (аясын) мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген КММ қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын; 2) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. КММ-нің жалпы ауданы 58 912 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан алып қойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|