Осы редакция 2017 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.02. № 50 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына 2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Порталда арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің әзірлігі туралы күні және орны көрсетілген хабарлама жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|