Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.19.08. № 356 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 5-қосымша
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (2020.19.08. берілген толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді. 2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады. Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді: 1) қашықтық форматындағы сабақтар; 2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде); 3) 5 адамға дейінгі шағын топтардағы сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде). 3. Дәстүрлі оқыту (штаттық формат) - әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру. БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. 4. Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|