Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығына 2-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi-мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетедi. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру (электрондық түрде) не осы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн және Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарын немесе көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар): 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу; 2) өтінішті заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы басшысының қарауы; 3) өтінішті заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысының қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|