|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері 3-бап. Қайырымдылық қағидаттары 4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері 4-1-бап. Электрондық қайырымдылық 4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық
2-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы 6-бап. Мемлекет және қайырымдылық 7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау 7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері 9-бап. Халықаралық қайырымдылық 10-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі салық жеңілдіктері 11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік 12-бап. Қайырымдылық ұйымының кірістері мен шығыстары 13-бап. Қайырымдылық бағдарламасы
3-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 15-бап. Қайырымдылық ұйымының жарғысы 16-бап. Қайырымдылық ұйымының басқару органдары 17-бап. Қайырымдылық ұйымының мәртебесі 18-бап. Қайырымдылық ұйымының мүлкі, мүлікті қалыптастыру өздері 19-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру 20-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) пайдалану 21-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату
4-тарау. ФИЛАНТРОПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ 22-бап. Филантропиялық қызмет объектілері 23-бап. Жеке тұлғаның филантропиялық қызметі 23-1-бап. Қайырымдылық волонтері 24-бап. Заңды тұлғаның филантропиялық қызметі
5-тарау. ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ 25-бап. Демеуші жүзеге асыратын қайырымдылық көмектің көздері 26-бап. Жеке тұлғаның демеушілік қызметі 27-бап. Заңды тұлғаның демеушілік қызметі
6-тарау. МЕЦЕНАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ 28-бап. Меценаттық қызмет объектілері 29-бап. Жеке тұлғаның меценаттық қызметі 30-бап. Заңды тұлғаның меценаттық қызметі
6-1-тарау. КІШІ ОТАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ 30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері 30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі
31-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандар» деген сөз «қандастар» деген сөзбен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) демеуші - демеушілік қызметті жүзеге асыратын тұлға; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) демеушілік қызмет - демеушінің осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен демеушілік көмек көрсету жөніндегі қызметі; 3) демеушінің атын көпшілікке танымал ету - іс-шараны қаржыландырғаны және (немесе) материалдық-техникалық қолдағаны үшін көрнекі және (немесе) дыбыстық нысанда демеушінің жеке аты (атауы), оның тауарлары, тауар белгілері, жұмыстары, көрсететін қызметтері туралы ақпарат тарату; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) ерікті қайырмалдықтар - пайдаланушыларға олардың әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін берілген ақша, сондай-ақ өзге де мүлік; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-1) корпоративтік қайырымдылық - кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ерікті қызметі; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-2) кіші отан - аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-3) кіші отанға қолдау көрсететін адам - кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды 4-4) кіші отанды қолдау - патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) қайырымдылық - қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет; 6) қайырымдылық бағдарламасы - қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) қайырымдылық волонтері - қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға; 8) қайырымдылық гранты - пайдаланушыға қаржылай көмек көрсету үшін бөлінетін, нысаналы пайдаланылуы есеппен расталатын ақша; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) қайырымдылық жасаушы - қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам; 10) қайырымдылық көмек - пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту үшін жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жасаушы: жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде; демеушілік көмек түрінде; жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымға; қызметін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалатын әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға өтеусіз негізде беретін мүлік; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган - қайырымдылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) қайырымдылық ұйымы - осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) қаражат жинау - ерікті қайырмалдықтарды және (немесе) қайырымдылық көмекті тарту процесі; 12) меценат - меценаттық қызметті жүзеге асыратын тұлға; 13) меценаттық қызмет - меценаттың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі; 14) нысаналы капитал (эндаумент) - қайырымдылық жасаушы капиталдың бастапқы мөлшерін сақтау шартымен қайырымдылық көмекті жүзеге асыруға бағыттайтын қайырымдылық жасаушы капиталының бастапқы мөлшерінен түсетін инвестициялық кіріс; 15) пайдаланушы - әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде қайырымдылық көмек алатын тұлға; 16) филантроп - филантропиялық қызметті жүзеге асыратын тұлға; 17) филантропиялық қызмет - филантроптың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) электрондық қайырымдылық - электрондық тәсілмен жүзеге асырылатын ақша түріндегі ерікті қайырмалдықтарды тарту жөніндегі қызмет.
2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері 1. Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың мақсаты болып табылады. 2. Қайырымдылықтың мақсатына мынадай міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі: 1) бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ ана болуды қорғау, балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу; 2) азаматтар мен қоғамның материалдық, мәдени-білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру; 3) қайырымдылық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік және медициналық мекемелерге, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер, білім беру, ғылым, спорт ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге, сондай-ақ көрсетілген салалардың дамуына үлес қосқан жекелеген қайраткерлерге қайырымдылық көмек көрсету; 4) табиғат пайдалануды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
3-бап. Қайырымдылық қағидаттары 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары мен пайдаланушылар қайырымдылыққа заңдылық, тең құқықтылық, еріктілік және жариялылық қағидаттары негізінде қатысады. Заңдылық қағидаты құқықтың шынайы әрекетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді, онда барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормаларды қатаң сақтайды. Тең құқықтылық қағидаты қайырымдылық жасаушылардың, қайырымдылық ұйымдарының және пайдаланушылардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдындағы тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Еріктілік қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсету құқығын және пайдаланушының үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп ықпал етусіз оны алу немесе алмау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Жариялылық қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының және пайдаланушының қайырымдылыққа ашық түрде қатысу, осындай қатысу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқығын, сондай-ақ қайырымдылыққа қатысты салық, қаржылық және бухгалтерлік есептілік туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. 2. Осы Заңда көзделген іске асырылатын қайырымдылық міндеттерін таңдау еркіндігі Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет қайырымдылықтың түрлері болып табылады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстар, жануарлар мен өсімдіктер қайырымдылық объектілері болады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері қайырымдылық субъектілері болып табылады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Қайырымдылық субъектілері мен объектілері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Электрондық қайырымдылық Электрондық қайырымдылыққа байланысты ақша аударымдарын қайырымдылық жасаушылар және (немесе) қайырымдылық ұйымдары Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды 4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық 1. Корпоративтік қайырымдылықты дамыту туралы шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді. 2. Ішкі құжаттар қайырымдылық көмектің қағидаттарын, негізгі бағыттарын, пайдаланушыларға оны көрсету тәртібін, кәсіпкерлік субъектісі бюджетінің шығыс бөлігін қалыптастыру тәртібін айқындайды. 3. Көрсетілетін қайырымдылық көмектің мақсаттары осы Заңның 2-бабына сәйкес айқындалады.
2-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3. Қайырымдылық субъектілері арасындағы, сондай-ақ олар мен пайдаланушылар арасындағы шарттық қатынастарды ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
6-бап. Мемлекет және қайырымдылық 1. Қайырымдылық субъектілерінің және пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді. 3. Пайдаланушының қайырымдылық көмек алуы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көмектің, төлемдердің немесе жеңілдіктердің қандай да бір басқа түрлерін шектеуге немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылықты жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы бекіткен қайырымдылық бағдарламасына біржақты тәртіппен өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ. 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Мемлекет қайырымдылық ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді.
7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жергілікті атқарушы органдардың қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіруге құқығы бар. 2. Қайырымдылық ұйымы кірісінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ оның мүлкінің құрамы, шығыстары, жұмыскерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу туралы мәліметтер коммерциялық құпия болып табылмайды. 3. Қазақстан Республикасының резиденттері жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық ұйымдар, шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдар қайырымдылық көмек көрсетуге өтеусіз берген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті жариялауға міндетті. 4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік және (немесе) халықаралық қайырымдылық ұйымының филиалы және (немесе) өкілдігі жыл сайын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құрылтайшылары (қатысушылары), мүліктің құрамы, кірістің қалыптасу көздері және ақшаны Қазақстан Республикасында жұмсаудың бағыттары туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есепті жариялауға міндетті. 5. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган: 1) қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ береді; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері 1) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға; 2) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; 3) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) қаражат жинауды жүзеге асыруға; 5) осы Заңға және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 2) өз мүшелеріне (қатысушыларына) олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 3) өз мүшелеріне (қатысушыларына) мүліктің түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) жылына бір реттен сиретпей орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті. Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберіндегі кірістер мен шығыстар, қол жеткізілген мақсаттар туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс; 4) осы Заңға және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Қайырымдылық ұйымы жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
9-бап. Халықаралық қайырымдылық 1. Халықаралық қайырымдылықты қайырымдылық субъектілері осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 2. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік және халықаралық ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылықты жүзеге асыруға қатыса алады.
10-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі салық жеңілдіктері Қайырымдылықты жүзеге асыратын қайырымдылық жасаушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық жеңілдіктерін пайдаланады.
11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы қайырымдылықты осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы жүзеге асырылатын қайырымдылық қызмет бойынша есепке алуды жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен ақпарат береді. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Пайдаланушыға өз мүлкін берген қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының одан осы мүлікті пайдалану туралы есепті талап етуге құқығы бар. 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қайырымдылық жасаушыдан немесе қайырымдылық ұйымынан нысаналы сипаты бар қайырымдылық көмек ретінде ақша алған пайдаланушы қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы және пайдаланушы арасындағы шарттық қатынастарда айқындалған мерзімдерде және тәртіппен есеп береді.
12-бап. Қайырымдылық ұйымының кірістері мен шығыстары 1. Қайырымдылық ұйымының кірістері мынадай көздер: 1) мүлікті, сондай-ақ оған құқықтарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру немесе өтеусіз беру; 3) қайырымдылық аукциондарынан, конкурстарынан түскен кірістер; 4) нысаналы капитал (эндаумент); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) қайырымдылық гранттары; 5) кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістер; 6) қайырымдылық жасаушылардың жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, жеке шығармашылық қызмет нәтижелерін беруден түскен кірістері; 7) қайырымдылық жасаушылардың қайырымдылық объектілерін күтіп-ұстау жөніндегі шығындарды өтеуі; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да көздер есебінен қалыптастырылады. 2. Қайырымдылық жасаушылар кірістерді: 1) бір жылдың ішінде бір рет немесе бірнеше рет қайырымдылық көмекке; 2) ұзақ мерзімді қайырымдылық көмекке;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері3-бап. Қайырымдылық қағидаттары4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері4-1-бап. Электрондық қайырымдылық4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық 2-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ5-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы6-бап. Мемлекет және қайырымдылық7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері9-бап. Халықаралық қайырымдылық10-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі салық жеңілдіктері11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік12-бап. Қайырымдылық ұйымының кірістері мен шығыстары13-бап. Қайырымдылық бағдарламасы14-бап. Қайырымдылық ұйымы 3-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ15-бап. Қайырымдылық ұйымының жарғысы16-бап. Қайырымдылық ұйымының басқару органдары17-бап. Қайырымдылық ұйымының мәртебесі18-бап. Қайырымдылық ұйымының мүлкі, мүлікті қалыптастыру өздері19-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру20-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) пайдалану21-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату 4-тарау. ФИЛАНТРОПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ22-бап. Филантропиялық қызмет объектілері23-бап. Жеке тұлғаның филантропиялық қызметі23-1-бап. Қайырымдылық волонтері24-бап. Заңды тұлғаның филантропиялық қызметі 5-тарау. ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ25-бап. Демеуші жүзеге асыратын қайырымдылық көмектің көздері26-бап. Жеке тұлғаның демеушілік қызметі27-бап. Заңды тұлғаның демеушілік қызметі 6-тарау. МЕЦЕНАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ28-бап. Меценаттық қызмет объектілері29-бап. Жеке тұлғаның меценаттық қызметі30-бап. Заңды тұлғаның меценаттық қызметі 6-1-тарау. КІШІ ОТАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |