Осы редакция 2016 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес беріледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік.