Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығымен күші жойылды
Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты
1. Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Кодекс) және DIN EN 13940 «Үзіліссіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандарт талаптарын ескере отырып, электрондық форматта рецептілерді жүргізу тәртібін іске асыру және реттеу үшін талаптарды және шарттарды айқындайды. 2. Осы Стандарттың міндеттері: 1) электрондық рецептілер сервисінің (бұдан әрі - ЭРС) жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, ЭРС кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттың ең аз көлемін айқындау, рецептіні жазып беру, рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру туралы хабардар ету; 2) медициналық көмек көрсетуді қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге, олардың шынайылығын және пациенттің келісімін белгілеуге қатысты ЭРС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 3. Осы Стандартта мына терминдер мен ұғымдар қолданылады: 1) бірнеше рет қолданылатын рецепт - дәрілік препаратты бірнеше рет босату жүзеге асырылатын рецепт; 2) дәрілік заттар - фармакологиялық белсенді әсер ететін заттарды білдіретін немесе қамтитын, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар, дәрілік субстанция, табиғи жолмен пайда болған дәрілік шикізат, дәрілік заттардың ангро- және балк-өнімдері, медициналық иммунобиологиялық препараттар, парафармацевтиктер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|