Осы редакция 2017 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына 1-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» Стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты болып табылады. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|