|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
11.08.2022 За табачные изделия без цифровой маркировки будут штрафовать в Казахстане
Об этом рассказали в Комитете государственных доходов МФ РК. Как известно, в связи с отменой бумажных акцизных марок, с 1 января 2022 года табачные изделия маркируются исключительно средствами идентификации. В статью 283 Кодекса об административных правонарушениях внесены изменения в части замены термина «акцизные марки» на «средства идентификации», данные изменения вступили в силу с 13 июля 2022 года. Постановлением Правительства Республики Казахстан утвержден конкретный перечень видов табачных изделий, подлежащих обязательной маркировке (сигареты, сигариллы, сигары, стики, кальянный табак и т.д.). Согласно законодательству Республики Казахстан оборот табачных изделий возможен только при наличии средств идентификации. Также в Комитете государственных доходов напомнили, что теперь за отсутствие на всех видах табачных изделий цифровой маркировки (средств идентификации), органы государственных доходов будут привлекать к административной ответственности с конфискацией табачных изделий. Всего с начала года (по состоянию на 10 августа 2022 года) выявлено и изъято 22,5 млн пачек табачных изделий, ввезенных контрабандным путем на территорию Республики Казахстан для реализации. Справочно: Статья 283. Нарушение правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом, пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками и табачных изделий средствами идентификации 1. Нарушение производителем или импортером правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом, пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками и табачных изделий средствами идентификации – влечет штраф на субъектов среднего предпринимательства в размере двухсот, на субъектов крупного предпринимательства - в размере пятисот месячных расчетных показателей, с конфискацией подакцизных товаров, явившихся непосредственным предметом правонарушения, а также с лишением лицензии. 2. Оборот подакцизных товаров, подлежащих маркировке средствами идентификации и (или) учетно-контрольными марками, совершенный в виде хранения, реализации и (или) транспортировки подакцизной продукции без средств идентификации и (или) учетно-контрольных марок, а равно с марками и средствами идентификации неустановленного образца и (или) не поддающимися идентификации, – влечет штраф на физических лиц в размере пятидесяти, на субъектов малого предпринимательства - в размере ста пятидесяти, на субъектов среднего предпринимательства - в размере двухсот, на субъектов крупного предпринимательства - в размере пятисот месячных расчетных показателей, с конфискацией подакцизных товаров, явившихся непосредственным предметом правонарушения, а также с лишением лицензии.
Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдері үшін айыппұл салынады
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды. Қағаз акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-бабына «акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер 2022 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және т.б.) бекітілді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдары болған кезде ғана мүмкін болады. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалаудың (сәйкестендіру құралдарының) болмағаны үшін мемлекеттік кірістер органдары темекі өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Жыл басынан бастап (2022 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша) Қазақстан Республикасының аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылмақшы болған темекі өнімдерінің 22,5 млн. қорабы анықталып, тәркіленген. Анықтама үшін: 283-бап. Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу 1. Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен және сәйкестендіру құралдарымен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы, – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |